Жезқазған политехникалық колледжінде Конституция күні мен Білім күнін мерекелеу аясында 1 қыркүйекте "Білімді ел – мәңгілік ел" тақырыбында онлайн іс-шара өтті. Іс-шараға педагогтар, ата-аналар және колледж студенттері қатысты. Колледж директоры Аман Бота Маликаждаровна барлығын Білім күнімен құттықтады .
Тікелей эфирден кейін сынып жетекшілері ZOOM платформасында "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – Ұлы Абайдың арманы" тақырыбында онлайн сынып сағаттарын өткізді.
Бірыңғай сынып сағатының мақсаты – студенттердің назарын тарихи оқиғаларға және жалпыұлттық маңызы бар атаулы күндерге — Конституция күнінің 25 жылдығына, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына аудару, Туған елге, оның тарихы мен ұлттық дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді, азаматтықты және ұлттық сана — сезімді қалыптастыру.