Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

25.02.2021 - «Өнегелі өмір»- жергілікті әдебиет қайраткерлерінің шығармашылығымен танысу

«Өнегелі өмір»- жергілікті әдебиет қайраткерлерінің шығармашылығымен танысу

«ХХІ ғасыр- білімді жастар ғасыры» оқу сауаттылығы апталығы аясында колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Жумабаева Клара Бердикуловна ұйымдастырған «Өнегелі өмір» атты әдеби іс-шара мазмұнды, тартымды өтті. Іс-шара жерлесіміз Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Ештанаев Ғазиз Елеусізбайұлының шығармашылығына арналды.

Колледж студенттері ақынның өздеріне ұнаған жыр жолдарын үлкен тебіреніспен мәнерлеп оқып шықты. Оқытушы ақын жерлесіміздің өмірі, шығармашылығы жайлы қысқаша мәліметпен таныстырды.

Ақынның өмір жолын, шығармашылығын зерттеу барысында студенттерді қызықтырған мынадай сұрақтар болды: бала күніңде кітапқұмар болды ма; ең алғашқы жазған өлеңі; қандай оқушы болды, мектепте қандай үйірмелерге қатысты; бүгінгі жастардың бойындағы 5 жақсы қасиетті атауға болады, т.б. Әдеби іс-шара студенттердің жерлесіміздің шығармашылығына деген қызығушылығын арттырды.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2021 ж. 27 наурыз
Педагогикалық және медициналық мамандықтардың мемлекеттік білім беру тапсырысы

Педагогикалық және медициналық мамандықтардың мемлекеттік білім беру тапсырысы

Толығырақ
Жаңалық
2021 ж. 27 наурыз
2021-2022 оқу жылына арналған спорт секцияларының жұмыс кестесі

2021-2022 оқу жылына арналған спорт секцияларының жұмыс кестесі

Толығырақ
Жаңалық
2021 ж. 27 наурыз
01.06.2021-Балаларды қорғау күні қайырлымдық марофоны

Толығырақ
Жаңалық
2021 ж. 27 наурыз
01.06.2021-Балаларды қорғау күні

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

тел: 8 (7102) 76-19-23, 8(705)267-12-34, 8(705)586-31-92
zhez-polit@krg-edu.kz
г. Жезказган ул. Байконурова 19
https://zptk.mycollege.kz/