2021 жылғы 5-ші сәуірде Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде «Цифрлық экономика» атты қаржылық сауаттылық апталығы басталды. Апталықтың ашылуы тәрбие сағаты түрінде өткізілді.
1-ші курс студенттері үшін колледждің акт залында экономика пәні оқытушылары «Жаңа экономикалық шындық» тақырыбында жалпы тәрбие сағатын ұйымдастырды. Мемлекеттік тілде экономика пәнінің оқытушысы Жарылғапова Э.Б. студенттерді «Акша және қаржы институттары», «Қазақстандағы акша несие саясаты және оның қажеттілігі», «Акша несие саясатының стратегиясын қарастыру» мәселелері бойынша негізгі мәліметтермен таныстырып өтті.
Орыс тілінде білім алушы АТ-11, ГС-11, ТС-12, ЭС-11 топтары студенттерімен өткізілген тәрбие сағатында экономика пәні оқытушысы Айтжанова А.А. «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында Қазақстанның жаңа жағдайдағы экономикалық дамуы жайлы тоқталып өтті. Студенттер ақпаратты қызығушылықпен мұқият тыңдап, іс-шара соңында викторина сұрақтарына жауап берді.
2-3 курс студенттері арасында «Жаңа экономикалық шындық» тақырыбындағы сынып сағаты ZOOM платформасы арқылы өткізілді.
Колледж фойесінде «Цифрлық экономика» қаржылық сауаттылық апталығына арналған ақпараттық стендтер тақтасы даярланды.
https://www.facebook.com/100025670386422/videos/825403961658609/