Бүгін сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің ұстаздары мен студенттері даңқты композитор Ескендір Хасанғалиевтің рухына арналған "Атамекен" әнін бірге шырқаймыз" атты патриоттық онлайн акциясына белсене қатысты.
Композитордың 1970 жылы жазылған "Атамекен" шығармасы қазақстандықтардың бірнеше ұрпағын Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеген ең үздік патриоттық әндердің бірі болып табылады.Отанды сүю – ең ұлы сезім! Отан қорғау – қасиетті борыш! Ұлы Даламызға әнімен мәңгілік ескерткіш орнатқан қазақ халқының біртуар перзенті Ескендір ағаның даңқы асқақтай берсін!
https://www.facebook.com/100025670386422/videos/843886556477016/