2020 жылдың 17 сәуірінде Тәрбие жұмысының жоспары бойынша "Жезқазған политехникалық колледжі" КМҚК-ның Жезқазған қаласының "Шанс" әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығының директоры Б.Ж. Тұрлыбековамен бірлесіп "кәмелетке толмағандардың ерте жүктілігінің алдын алу"тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.
Онлайн-семинардың мақсаты: кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында алдын алу жұмыстарын жүргізу.
Онлайн-семинарға колледж директоры Аман Бота Мәлікаждарқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сандықбаева Гүлсім Серікқызы, 1, 2 және 3-курстардың сынып жетекшілері мен қыздары қатысты.