«Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын тойлау — бұл тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихының ең маңызды оқиғаларының бірі, ол халықтың тарихи санасын тереңдетуге және елдің рухани мәдениетін жаһандық форматта барынша ілгерілетуге бағытталған», — деді Гүлшара Әбдіқалықова.
24.02.2020 күні Жезқазған политехникалық колледжінде "Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 – жылдығына" арналған іс – шаралардың ашылу салтанатына байланысты саптүзеу өткізілді. Салтанатты саптүзеуде Абай туралы қызықты мәліметтер айтылып, ақынның көптеген өлеңдері оқылды, сонымен қатар, колледж мұғалімдерінің орындауында Абайдың «көзімнің қарасы» әні шырқалды.



