2020 жылдың тамыз айында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, композитор, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі – Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейде өткен кездесуде Үкіметке Абайдың мерейтойына арналған барлық қажетті іс-шараларды дайындауды тапсырды:"… Біз тарихтан үлгі алатын және ұлы ата-бабаларымызға құрмет көрсететін халықпыз. Ұлы Абайдың мұрасы «Рухани жаңғыру» маңызды бағыты болуы тиіс", — деді Президент. «Бұл біздің ата-бабаларымыз алдындағы парызымыз және өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі», — деді Мемлекет басшысы.
28 ақпан күні Абай жайлы іс -шараның шешуші кезеңі үлкен салтанатты кешке ұласты. Ән де шырқалды, би де биленді. Абайдың нақыл сөздері айтылды, «Ескендір поэмасынан көрініс қойылды.
Іс шара көрермен тарапынан үлкен қошеметке ие болды. Жалпы апта жоғары деңгейде өтті!