2021 жылдың 3 ақпанында Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Технологиялық машиналар және құрылыс» кафедрасында ZOOM платформасында студенттер мен жас ғалымдардың 2020 оқу жылындағы СҒЗЖ қорытындысы бойынша жыл сайынғы «Инженер-2020» ғылыми-техникалық конференциясы өтті.
Онлайн конференцияға «Технологиялық машиналар және құрылыс» кафедрасының студенттері мен оқытушылар, Жезқазған және Сәтбаев қалалары колледждерінің студенттері және олардың ғылыми жетекшілері қатысты. Конференцияға қатысушылардың жалпы саны 80 адамнан асты.
Конференция барысында қазіргі ғылымның түрлі өзекті бағыттары бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 40 автордың жұмысы ұсынылды, оның ішінде 15 жұмыс пленарлық отырысында тыңдалды.