Вернуться к Новости и События
Событие

13.05.2021-Бірінші Жезғандық

Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде Республикалық "Жас маман" жобасы аясында болашақ мамандардың индустриалды-инновациялық дәуір талабына, еңбек нарығы сұранысына сай кәсіптік әлеуетін қалыптастыруға орасан зор септігін тигізетін заманауи озық

технология және техникамен жабдықталған Құзыреттілік орталығының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров, Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы Әбдрахман Досанов, «NurOtan» партиясы Жезқазған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кеңгірбай Смағұлов, Қарағанды облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Гулбақыт Жүнісова, қаланың жылу энергетикасы саласындағы белді кәсіпорындарының, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

- Жезқазған өңірінің алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі болып саналатын, техникалық және кәсіптік білім беру саласында 65 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан іргелі оқу орыны –Жезказған жоғары политехникалық колледжі маңызды бастаманы жүзеге асыруға үлкен дайындықпен келгеніне көзіміз жетіп отыр. Бұдан әрі де еліміздің, қаламыздың табысты бүгіні мен жарқын келешегі үшін атқарып жатқан қызметтеріңізге жеміс тілеймін, - деді құттықтау сөзінде қала басшысы Қайрат Әбсаттаров.

«Жас маман» республикалық жобасы аясында колледждің материалдық – техникалық базасы жаңғырып, жаңа келбетке ие болған, халықаралық білім беру стандартына сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мүмкіндігі артып отыр. Оны меймандарға ұсынылған соңғы үлгідегі жабдықтармен, электронды оқыту технологияларымен қамтамасыз етілген «Жылу жабдығы және жылумен жабдықтау жүйелері» құзыреттілік орталығы, слесарлық, токарлық, дәнекерлеу шеберханалары, «Гидравлика және су дайындау» зертханалық кабинеті сияқты жаңаша құрылған білім беру құрылымдары айғақтады. Бұл оқу орынындағы түлектердің ғылымның соңғы жетістіктері негізіндегі кәсіби деңгейде дайындалған білікті маман болып шығатындарына ешбір күмән жоқ.

 

 

Другие новости и события по теме

Событие
2 октября 2021 г.
31.05.2021-Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай онлайн-дәріс өткізілді.

Подробнее
Событие
2 октября 2021 г.
24.05.2021 года прошла онлайн лекция по половому воспитанию, с представителем " Дом мамы" г. Караганды Надеждой Жалбаевой .На встрече присутствовали девочки 1-2 курсов.

Подробнее
Событие
2 октября 2021 г.
20.05.2021-В Жезказганском высшем политехническом колледже 20 мая 2021 года была проведена онлайн олимпиада по физике на платформе

Подробнее
Событие
2 октября 2021 г.
21.05.2021-В Жезказганском высшем политехническом колледже 21 мая 2021 года была проведена онлайн олимпиада по химии на платформах ZOOM , session.bilimal преподавателем химии и биологии

Подробнее

Как нас найти

тел: 8 (7102) 76-19-23, 8(705)267-12-34, 8(705)586-31-92
zhez-polit@krg-edu.kz
г. Жезказган ул. Байконурова 19
https://zptk.mycollege.kz/